Алматыда «Алтын Орда және оның мұрагерлерінің араб жазулы эпиграфикасы» тақырыбында ғылыми семинар өтеді

771
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (OIC) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығымен (IRCICA) бірлесіп 2024 жылғы 18 қыркүйекте «Алтын Орда және оның мұрагерлерінің араб жазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өткізеді.

Бұл халықаралық ғылыми семинар «Алтын Ордадан кейінгі қоғамның дәстүрі мен мәдениетіндегі сабақтастық пен өзгерістер (Батыс Қазақстан, Еділ-Орал, Дағыстан, Хорезм аймақтарындағы эпиграфикалық ескерткіштерді салыстырмалы зерттеу)» жобасын жүзеге асыру аясында жоспарланған.

Семинар барысында келесі тақырыптар талқыланады:

1. Алтын Орда өркениеті орналасқан тарихиаймақтардың эпиграфикасы: жаңа олжалар жәнеолардың интерпретациясы;

2. Қазақстанның эпиграфикалық ескерткіштерінкөршілес мемлекеттердегі араб қарпіндегіжазбалармен салғастырмалы-салыстырмалызерттеу;

3. Алтын Орда өркениеті тарихи аймақтарыныңмәдени дамуындағы трансформациялық процестер, мәдени дәстүрлердің тұрақты түрлері.

Семинардың жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Халықаралық ғылыми семинарға қатысу үшінбаяндамалар мен өтініш-хаттарды 2024 жылдың 1тамызына дейін ұйымдастыру комитетініңэлектрондық мекенжайларына жіберулеріңіздісұраймыз:

kz.orientalstudies.2024@gmail.com,

dina_m71@list.ru

Өтінім нысаны

1. Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты.

2. Қатысушының жұмыс орны, лауазымы,ғылыми дәрежесі мен атағы.

3. Байланыс телефондары, e-mail адресі.

4. Баяндаманың атауы.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы менбайланыстары: 050010, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 29, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстануинституты.

Анықтама телефондары: + 7 707 157-95-71 Медерова Дина Есиркеповна, + 7 701 697-96-90 Курманбаева Куралай Смагуловна.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Мақаланың атауы мен оның мәтіні арасында:автордың тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны,лауазымы, ғылыми дәрежесі екі тілде: мақалажазылған тілде және ағылшын тілінде қойылады.

2. Мақаланың атауы және оның аннотациясы(шамамен 200 сөз) басында ағылшын тіліндеберіледі.

3. Әдебиеттер мен дереккөздер нөмірленедіжәне олардың тізімі мақаланың соңында беріледі.Мақаланың мәтінінде сілтемелер тік жақшадакөрсетіледі [1: 245].

Конференцияға қатысу шығындарын жіберушітарап көтереді. Есептері талқыланған арнайышақырылған қатысушылардың қаржылықшығындарын ұйымдастыру комитеті көтереді.

Ұйымдастыру комитеті

Пікірлер