Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар істен шықты

1566
Adyrna.kz Telegram
Сурет: lada.kz
Сурет: lada.kz

Ақтауда QR-код арқылы жұмыс істейтін модульді дәретханаларда ақау пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда қаладағы 12 қоғамдық дәретхананың бесеуі модульді. Оған қала тұрғындары мен қонақтары QR код арқылы төлем жасап кіреді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі модульді дәретханалардың істен шыққанын мәлімдеді.

«QR-код арқылы кіретін дәретханалар уақытша жабылды. Қазіргі уақытта мамандар қателіктерді түзетіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық дәретханаларды таза ұстауды және қажет болған жағдайда гигиеналық заттарды пайдалануды сұраймыз»,– делінген ақпарат агенттігінің 30 маусымда жарияланған жазбасында.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі модульдік дәретханалардың жалпы сомасы 87 млн теңге екенін мәлімдеген еді. Әр дәретхананың құны 12 200 000 мың теңгені құраған. Ал 26 млн теңге көлеміндегі қалған қаражат инфрақұрылымды(су, электрмен жабдықтау және су бұру) жүргізуге бағытталды.

Пікірлер