“Ота жасатқан”. Режиссер Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды

1636
Adyrna.kz Telegram

Театр және кино режиссері, белгілі кинодраматург Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеп. 

Бұл туралы журналист Серік Абас-шах әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген.

"21 аптадан соң 70 жасқа толғалы отырған Талғат Теменов досым(ыз) сырқаттанып қалыпты (аяғына ота жасатып ауруханада жатыр екен). 4 қабатта орналасқан пәленшесінші палатаға кіріп шықтым. Адамзат тарихы туралы бір ғылыми кітапты қызыға оқып жатыр екен. "Мынаны тауып алып оқышы, Секе" деді. Мен бұл кітаптың менде бар екенін айттым. Екеуміз 59 минуттай әңгімелестік (түрлі тақырыпта). Шәй іштік (шәйді 21 желтоқсанда туған ақкөңіл медбике дайындап әкеп берді)", деп жазды Серік Абас-шах.
Талғат Теменов Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығыныңлауреты; «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағымен, 1999 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен марапатталған.

2005 жылы президент жарлығымен "Құрмет" орденінің иегері атанды. 2013 жылы президент жарлығымен "Парасат" орденінің иегері атанды. 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған. Қазақстан Театрлар Ассоциациясының «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Театр өнерін дамытуға қосқан орасан зор еңбегі үшін» аталымы бойынша марапатталды. (Астана. 27 наурыз, 2017 жыл).

Пікірлер