Екеуі де көз жұмды. Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргінші әйелді қағып кетті

2135
Adyrna.kz Telegram
фото: Kolesa.kz.
фото: Kolesa.kz.

Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екеуі де сол жерде көз жұмды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы полиция департаментінен хабарлағандай, бүгін сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған Қазақстан азаматы. Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екеуі де мопед жүргізушісі мен жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер