Қазақстанда неге үй қымбат?

240
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Қазақстанда неге үй қымбат? Қазақ өмір бойы банк пен құрылыс компанияларының құлы болып өтеді ме? Айтпақшы, құрылыс компаниялары демекші, қазір құрылысқа қатысы бар компанияларға ақша салу да қауіпті. Шетінен алаяқ компаниялар жұрттың жанын жалдап, битін сығып тапқан ақшасын қағып алып, не үй жоқ, не ақша жоқ зар қақсатып тентіретіп жібереді.

Алматыда халықты зар қақсатқан құрылыс компкнияларын зерттеуді бастадық. Екі апта уақытымыз кетті.
Осы екі апталық зерттеуімізді Алматыда үлескерлер мен құрылыс компанияларының ішінде есімі жиі аталатын Ғалым Сәдібековтен бастадық. Тарбағатайдағы суырдың інінен де көп
Құрылыс компаниясын құрып алған Сәдібековтың бұл бизнес империясы көз алдыңа өрмекшінің торын елестетеді. Басын бір сұққан халық шырмауынан қайта шыға алмайтын тура өрмекшінің торы!

Ғалым Қалыбайұлы бұрынғы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековтің ағасы.

Ғани Сәдібеков Жамбыл облысы әкімінің аппаратын басқарған, Жамбыл облысының әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылы Ғани Сәдібеков Павлодар облысының әкім орынбасары болды. Ал 2016 жылы Энергетика вице-министрі болды.



2018 жылдың наурыз айында Ғани Сәдібеков және басқалары 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен ұсталған болатын. 2021 жылдың қазан айында Ғани Сәдібеков толығымен ақталды. Ол қалай ақталды? Әлде, қызмет жолында көтерген көкелері көмектесті ме?

Осы тұста БАҚ Ғаниды алып шыққан Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Ғалым Сәдібеков дейді. Алматының ерекше қорғалатын қымбат жерлерін Болат Назарбаевпен бірігіп сатып, үріп ішіп, шайқап төгіп жүрген Ғалым ағасын оңай шығарып алған деседі-мыс. Себебі, Бөкең мен Ғалым «Интербир» компаниясы арқылы үлестес еді.

«Интербирдің» 5 миллиард 800 миллион теңге және 68 миллион бес жүз мың АҚШ доллары көлемінде қарызын сот шешімімен Болат Назарбаевтың «Ақтөбе өндірістік компаниясы» мен «Интербирден» өндірілді. Не деген цифрлар,ә? Бұл әлі басы ғана!

Ғалым Сәдібеков пен оның бір топ филиалы «Шығыс» тұрғын үй кешенінің үлескерлері болған. Бұлар әп дегеннен 5 миллиардты қарпып үлгерді. Сосын, кетті дейсің.

​«Шығыс – Құлжа» тұрғын үй кешенінің үлескері де Сәдібековтің жақын адамы –Талғат Алпысбеков.

«Шығыс-Құлжа» тұрғын үй кешенінің тағы бір үлескері Ұлықбек Қожагелдиев Ғалым Сәдібеков пен оның үлестес тұлғаларына тиесілі «KG Invest» ЖШС, «Казбарит» ЖШС, «Веранда 1» ЖШС және «Eurasian machinery ltd» ЖШС-нің басшысы болған.

Мына қызықты қараңыз, «Лекко» ЖШС-нің бірінші басшысы, «Лекко» ЖШС-нің құрылтайшысы Эдуард Тукенов, ал оның ұлы Әлібек Тукенов «Лекко» ЖШС-нің заңгері, бұрын «Building Service» ЖШС мүддесін қорғаған.

Тукенов - «Столичная жылжымайтын мүлік» АҚ дамыту компаниясының бұрынғы басшысы Бектаевтың әйелі Тукенова С-ның ның туысы.

Кейіннен Тукенов «Тау-Көктем» тұрғын үй кешенінің үлескерлік қатысушыларының мүдделерін біріктіру мақсатында құрылған «Тау-Көктем» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы болды.

Ольга Третьякова – «Аура Трэвел» туристік агенттігінің жалғыз құрылтайшысы, оның директоры Наталья Савинская («Тау-Көктем» тұрғын үй кешенінің жалған акционері, Жаковты үлестік қатысу шартына қол қоюға мәжбүрлеген Садібековтың тұлғасы). Савинская кейіннен маған пәтер бермеді деген айыппен Жаковқа қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш берген!

Ольга Третьякова сонымен қатар Таңатаров Мәжит Аманжолұлы екеуі (Сәдібековтің тұлғасы) Атлантик-А» ЖШС директоры және тең құрылтайшысы.

Сондай-ақ Третьякова және Музыка Т.С. екеуі «Коммерциялық компания Semirechye Group» ЖШС құрылтайшылары болған, тең құрылтайшысы – Сәдібекова Жәмилә Байгазиевна Сәдібековтың анасы. Екінші құрылтайшысы – Яна Папанова.

Третьякова директоры және тең құрылтайшысы Валерий Ли болған «Третьякова и К» ЖШС құрылтайшысы.

Валерий Ли «Триум-А» ЖШС-ның да құрылтайшысы. Директоры Станислав Пак.

«Тау-Көктем» тұрғын үй кооперативі құрылған сәттен бастап 2014 жылға дейін штаттық заңгері «Тау-Көктем» тұрғын үй кооперативінің қызметкері Елена Стихиляс болды.

Стихиляс Е.А. сонымен қатар «Казбарит» ЖШС директоры болды, оның тең құрылтайшысы Гүлнар Тәтібаева (Сәдібековтің әйелі), екінші құрылтайшысы Гүлмира Цетинелли.

Сондай-ақ Стихиляс Е.А. «KG Invest» ЖШС директоры, оның тең құрылтайшысы Сәдібеков, екінші құрылтайшысы Мехмет Четинели.

Стихиляс Е.А. бұрын «Al Fakher Distribution KZ» ЖШС құрылтайшысы болған, оның директоры Самал Касимова мен Сабина Мұсанбова болды.

Сонымен қатар, Стихиляс Алматыда бір мекенжайда тіркелген «СоюзНефтеГазСтрой» ЖШС мен «Aura Travel» ЖШС тең құрылтайшысы! Екінші негізін қалаушы – Денис Тен, басшысы – Игорь Тен.

Сондай-ақ бір кездері Стихиляс «DS Consulting» ЖШС құрылтайшысы болған. Басшысы Игорь Тен, құрылтайшылары Игорь Тен және Самал Касимова. Стихилястан бөлек тағы бір құрылтайшы Низами Досумбеков болды.

Ғалым Сәдібеков жоғары пайызбен ақша беріп, кепілге қойған жылжымайтын мүліктерді өзінің сенімді адамдары Валерий Ли мен Сағынқали Рақымбаевтың атына жаздыртатын. Егер ақшаны екі есе өсіммен, оның ішінде мүліктің бұрын келісілген бағасынан екі есе жоғары қайтара алмаса, оған мүлік қайтарылмайды. Ғалым Сәдібековтің барлық жерде, соның ішінде сот пен құқық қорғау органдарында да байланысы бар. Алматыда бірнеше саунасы мен ломбардтары, ресторандары бар дейді білетіндер.

«Тау-Көктем» тұрғын үй кешенінен пәтер алуға өтініш білдіргендердің бірі, «Ақ жол» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Сәрсенов Сағиятулла мен оның әпкесі Сәрсенова Ләззат.

Сәрсеновтер отбасы Ғалым Сәдібековпен «ЗАҢҒАР» Қазақ республикалық сауда үйі» АҚ арқылы үлестес. Ғалым Сәдібековтың қызы Гауһар Сәдібекова «Заңғар» ТЖК» АҚ қызметкері Арслан Сарыбековке тұрмысқа шыққан. Сәрсеновтер отбасы «Заңғар» АҚ ірі акционері болып табылады

Әниятулла Сәрсенов 2000 жылдары қаржы полициясында шенеунік болған, бірнеше компанияларда акциялары болған.

Қаржы полициясының бұрынғы қызметкері Сәрсенов «Агрофуд» ЖШС мен «Агрофирма Жаңа жер» ЖШС-не және олардың иелеріне қатысты «Іле корпорациясы» ЖШС арқылы агроөнеркәсіптік бизнес саласында рейдерлік әрекетпен айналысып, сотты болғаны туралы БАҚ беттерінде жазылды да.

2004 жылғы 8 маусымда Жаков басқаратын «Building Group» ЖШС және тапсырыс беруші «Grand Hotel Tien-Shan» ЖШС Сәрсеновтер отбасына тиесілі «Grand Hotel Tien-Shan» қонақ үй кешеніне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша келісім шартқа отырады.

2006 жылы «Building Service» ЖШС құрылтайшысы Жаков Игорь Сәрсеновтермен жеке қарым-қатынасы аясында үлкен қонақүйді қайта жаңғырту үшін оларға жалпы сомасы 230 миллион теңгеден асатын 3 пәтер (ол кезде шамамен 2 миллион доллар) бөлген. Яғни, Сәрсеновтер Жаковтан қандай да бір офсеттік схема бойынша пәтерлерді талап ету құқығын алған.

Ал, Жаков болса «Тау-Көктем» тұрғын үй кешеніне ақша салған үлескерлерді қан қақсатып, ақшаларын бермей, аяғында алты жылға сотталып кетті. Бұл туралы келесі зерттеуімізде кеңінен тоқталамыз. Осы «Тау-Көктем» тұрғын үй кешеніне көз тіккен Сәдібеков өз адамдарын кіргізіп, ол жерді Жаковтан тартып алмақшы болады.

Біздің елде заң бар ма? Заңды орындайтын, қадағалайтын ҚР ІІМ, ҚР Бас прокуратурасы! Қаржы Агенттігі Мониторингі!

Мына өрмекшінің торына қарсы қандай шара қолдандыңыздар? Әркім ойына келгенін істей берсе бізге заң не үшін керек? Әлде, заң қара халыққа ғана арналған ба? Шетелден қайтарылған активтерді қайтарғандай олардан неге халықтың ақшасын қайтармасқа? Кім кедергі? Әлде, барлық қазақ баспаналы болып кетіп, құрцлыс компаниялары жұмыссыз қалады деп қорқасыңдар ма?
Тым болмаса 30-40 қазақ баспаналы болсын! Көрінгенге алдана берсе қазақ қалай байиды?

Оңғар Қабден

Р.S. Автордың пікірі редакция көзқарасын білдірмейді

Пікірлер