Алматыда жүк көлігі жолдан шығып, балаларды таптай жаздаған

731
Adyrna.kz Telegram
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz
Алматыда жүк көлігінің қатысуымен жол апаты орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жол апатының Алматы қаласындағы Оспанов көшесінде болғаны анықталды.

Алдын ала ақпарат бойынша, жүк тиеген Shacman көлігі солтүстік бағыттан келе жатқан. Алайда көлік тура бұрылысқа келген сәтте жолдан шығып, қақпаны бұзып, контейнер мен газ құбырының тірегіне соғылған. Сондай-ақ жүк көлігі сыртта ойнап жүрген балаларды таптай жаздаған. Абырой болғанда, көлік жүргізушісінен басқа зардап шеккендер жоқ. Құзырлы орган көлік апатының себебін анықтап жатыр.

Пікірлер