Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының жүк тасымалы туралы келісімін ратификациялады

1266
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының жүк тасымалы туралы келісімін ратификациялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық аралас жүк тасымалы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Келісім теміржол, су және автомобиль көлігінің заманауи жүйелерін дамытуға, пойыздардың кедендік рәсімдерін жеделдету үшін алдын ала ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жүктерге қатысты цифрлық технологияларды енгізуге ықпал етеді деп күтілуде.

Пікірлер