"Шетелдік агент" заңының жыры. Грузия парламенті президент ветосын еңсеріп кетті

1662
Adyrna.kz Telegram

Грузия парламенті президенттің «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заңға қойған ветосын жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік заңның елде қабылдануына грузин қоғамының басым бөлігі наразылығын тудырған. АҚШ пен Еуропалық Одақ тарапынан сынға ұшырап, Тбилисиде ауқымды наразылық толқыны жүрді.

28 мамыр күні президенттің вето қою мәселесі қаралған парламенттің жалпы отырысында парламенттік көпшілік өкілдері мен оппозициялық депутаттар арасында тағы да қызу дау туды. «Грузин арманы» партиясының 84 депутаты президент ветосын жоюға дауыс берген.

Оппозициялық «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясының депутаты Анна Цитлидзе «Шетел агенттері туралы» заң көптеген мәселелерге әкелетінін айтты.

«Бізге Еуропалық Одаққа кіруге тыйым салынады; Батыс елдерінің бізге қарсы санкциялар салатыны анық, бұл Грузия экономикасына тікелей әсер етеді», - делінген депутат сөзінде.

Парламент төрағасының пікірінше, қазіргі биліктің ойланбай жүргізген саясаты қоғамда текетірес туғызған.

«Сіз өз еліңіздің мүддесі үшін емес, шет елдердің мүддесі үшін әрекет етіп жатырсыз. Бұл – ашықтан-ашық сатқындық», - деді парламент төрағасы Шалва Папуашвили оппозициялық депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, 19 мамыр күні Грузия президенті Саломе Зурабишвили апта басында ел парламенті қабылдаған «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заңға вето қойғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы президент фейсбук парақшасында жариялаған.

Пікірлер