Жұмыс күні бір сағатқа ерте басталуы мүмкін бе?

2650
Adyrna.kz Telegram
фото: Kyzylorda News
фото: Kyzylorda News

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Енді жұмыс уақыты бір сағатқа ерте басталмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Бізге көп хат келіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес.

Біз ұсыныс бердік, яғни жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін. Негізі келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, заңға сәйкес», - деп толықтырды ведомство басшысы.

Пікірлер