Air Astana бортсеріктері жалақыларының аздығына арызданды

1661
Adyrna.kz Telegram
Фото: somolest.com
Фото: somolest.com

Air Astana компаниясының бортсерікері жалақыларының аздығын айтып наразылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Qaz365.kz-ке сілтеп.

Әуе компания қызметкерлері өз шағымдарын 12 маусым күні eotinish порталына жариялаған. Алайда олар жұмыстан шығып қалудан қорқады. Себебі компания талабы бойынша ереуіл мен наразылыққа шығуға рұқсат жоқ. Ал компания басшысы шағымды кімнің жолдағанын іздестіріп жатыр.

"Бізге ереуілге шығуға заңмен тыйым салынғандықтан өз мәселелерміз жайлы басқаша айта алмаймыз. Қатардағы бортсеріктің еңбекақысы 240 мыңнан 320 мың теңгеге дейін құрайды. Бұл ретте ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 382 279 теңгені құрады. Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексінің 105-бабының 1-тармағына сәйкес ауыр жұмыстармен, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары бар  қызметкерлерге еңбекақы төлеу жоғары мөлшерде белгіленеді", - делінген бортсеріктердің хабарламасында.

Қызметкерлер әуекомпания басшылығы мен кадр саясатын да сынға алды.

"Бізде вице-президенттер, менеджерлер тым көп. Шетелдік басшылық бар, олардың жалақысы қазақстандағыдай емес. Қазір компанияның штаты 5000-нан асады. Ал борт қызмекерлері небәрі 25. Бұл 1 ұшаққа 200 адамды құрайды. Компания өзін ең жақсы жұмыс беруші деп қарастырғанымен, қызметкерлер мүлде басқа пікірде”, – деп қосты олар.

Ал Air Astana компаниясы бортсеріктер шағымына байланысты пікір де білдірді.

“Авиакомпанияда бортсеріктің ай сайынғы жалақысы әр ұшу сағаттарымен есептеледі. Сонымен қатар, олар іссапарда болған кезде тәуліктік ақы мен жол ақысы үшін қосымша қаражат алады. Бортсеріктердің жалақысы және басқа да қосымша төлемдер жыл сайынғы негізде қайта қаралады. Жалақы авиакомпаниядағы жұмыс өтіліне және кәсіби еңбегіне байланысты есептеледі", - делінген авиакомпанияның жауабында.

Сондай-ақ, компанияның баспасөз қызметі жолдаған хабарламада өз қызметкерлерінің іс-сапары кезінде 4-5 жұлдызды қонақүйлерде тұруын қамтамасыз ететінін де қоса кетті.

“Ұшу құрамының еңбек және демалыс, сондай-ақ зейнетке шығу жағдайлары ҚР еңбек заңнамасымен қатаң реттелген. Авиакомпания басшылығы бортсеріктердің өтініштерін назарға алады және экипаждар мен басқа да қызметкерлердің еңбек және демалыс жағдайларын одан әрі жақсарту жөніндегі жоспарды әзірлейді", - делінген ведомствоның жауабында.

Пікірлер