Кеңседегі зорлық ісі. Талдықорған полициясының экс-басшысы сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді

1191
Adyrna.kz Telegram

27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев үкімге шағым түсірді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған азаматтың үкімге қарсы арызы бүгін, 17 шілдеде келіп түскен. Істің апелляциялық сотта қашан қаралатыны айтылмайды.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін жәбірленушінің адвокаты оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында талдықорғандық әйел қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен ішкі істер бөліміне жеткізіліп, кейін ол бастықтың кабинетінде зорланған.

Осы жылдың сәуір айының соңында сот үкімі бойынша Күштібаев кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ марапаттарынан және «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.

Пікірлер