Қазақстандықтар Грекияда бір орманды өртеген болуы мүмкін - БАҚ

1339
Adyrna.kz Telegram
Фото: mk.ru
Фото: mk.ru

Грек билігі Гидра аралында орман өртін тудырды деген болжам бойынша яхтаның 13 экипаж мүшесі мен жолаушысын қамауға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tovima басылымына сілтеме жасап.

Жағалаудағы құрғақ Гидра аралындағы бір орман алқабы туристер демалыс кезінде отшашу атып, артынша орман өртенген деп болжанып отыр. Гидра мэрі Джоргос Коукудакис туристердің қамауға алынғанын хабарлады.

Товиманың айтуынша, мегаяхтаны Қазақстаннан келген демалушылар тобы жалға алған.

Пелопоннес провинциясының шығыс жағалауында орналасқан Гидра аралы негізінен жартас болып табылатын, өсімдіктері өте аз және көліктерге рұқсат етілмейтін бір ғана негізгі елді мекені бар тарихи және көркем арал ретінде белгілі.

Пікірлер