Президентке ұсыныс. Комиссия Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты

1629
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты» деді депутат.

Алайда сарапшылардың топшылауынша, соңғы сөзді Президент айтатын сияқты.

Еске салайық, Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс аса құпия грифімен белгіленді. 2023 жылдың 24 сәуірінде Астана соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлігі мен 3-бөлігі бойынша, мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді және билікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Оның үкімге шағымдану әрекеті сәтсіз аяқталды – апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ, оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов - 16, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов - 15 және үш жылға сотталды.

Пікірлер