Жұлдызды легионердің “Астанадан” кетуінің себебі белгілі болды

2686
Adyrna.kz Telegram
Фото: kazfootball.kz
Фото: kazfootball.kz

Испаниялық шабуылшы Карлитос елордалық клубтың жаттықтырушылар штабымен жанжалдасып, “Астанадан” кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ресми ақпараттар бойынша, клуб 33 жастағы спортшысының мерзімінен бұрын кетуін Қазақстандағы қиын бейімделу нәтижесінде түсіндірді. Алайда жағдайға жақын дереккөздің айтуынша, Карлитос бапкерлермен, атап айтқанда Григорий Бабаянмен тіл табыспаған.

Мәліметке сәйкес, грекиялық “Ламиядан” ауысқан шабуылшы ымыраға келмей, «Астанадан» кетуге бел буды. Ол команда сабында үш кездесу өткізіп, нәтижелі болмады.

Айта кетсек, Грекия чемпионатының соңғы маусымында шабуылшы Ламия сабында 21 матч өткізіп, 10 гол соғып, бес нәтижелі пас беріп, ұлттық деңгейдегі команда тарихындағы үздік бомбардир атанды.

Карлитос сонымен қатар испандық «Торрельяно», «Эльче», «Онтеньенте», «Фуенлабрада», «Новелда», «Эльденсе» және «Вильярреал Б», ресейлік «Петротрест», кипрлік «Арис», поляк «Висла» (Краков) және Легия, БАӘ-ден “Аль-Вахда” және грек “Панатинайкосында” ойнады.

Пікірлер