“Жүрегім ауырады”. Бетперделі жігіт жалғызбасты әкеге көмектесті

2386
Adyrna.kz Telegram

Бетперде таққан жігіт денсаулығы нашар жалғызбасты әкеге көмек берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бетперделі жігіт егістікке арнайы барып, Мерген есімді адамды іздеген. Себебі ер адам — үш баласы бар жалғызбасты әке. Мергеннің екі де көзі нашар (-9) көретін болып шықты. Одан бөлек, азаматтың ұлы — үшінші топ мүгедегі.

Үш баласы бар әке жұбайы мен төртінші баласынан айырылған.

"Жақында жолдасым өмірден озды. Ішінде 3,5 айлық сәбимен кетті. Өзім жалдамалы жұмысшы болып істеймін. Қазір егістікте қырыққабат тереміз. Екі көзім де — минус 9. Үлкен балам да ихтиоз деген аурумен ауырады. Денесінде қара дақтары бар. Басымда баспана жоқ. "Времянкада" тұрамыз. Онда газ жоқ", - деді Мерген.

Азамат әйелінің өлімін қабылдай алмай жүргенін айтып, көзіне жас алды.

Бетперде тағып, жүзін жасырған жігіт жалғызбасты әкеге қомақты қаржы ұстатып, өзінің және баласының еміне екенін айтты.

Сондай-ақ жігіт ер адамға өз кәсібін ашуға көмектесуге уәде беріп, үйдің кілтін де табыстады.

Пікірлер