25 жыл бойы диспансерде жатқан ер адамның туыстары іздестірілуде

1355
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ақмолада ер адам 25 жыл бойы диспансерде ем алған. Дәрігерлер науқастың туыстарын іздеп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Массагетке сілтеп.

Көкшетаудағы психоневрологиялық диспансерде 1999 жылдан бері ер адам ем алған. Ол ауруханаға түспес бұрын есінен айырылған көрінеді.

"Бұл адам 1999 жылдан бастап Көкшетауда психоневрологиялық диспансерде жатыр. Ол туралы ешқандай дерек жоқ, өзінің де ештеңе есінде жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Еріктілер ер адамның жеке мәліметтерін жариялап, туыстарын табу үшін көптен көмек сұрайды.
Пікірлер