Бишімбаев ісі. Судьяға қатысты қауіпсіздік шарасы әлі де күшінде

1027
Adyrna.kz Telegram
Фото: informburo
Фото: informburo

Әйелін аяусыз өлтірді деп айыпталып, 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева өзіне қарсы қорқытулардан кейін қорғауға алынған. Қауіпсіздік шарасы әлі де күшінде. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рехметуллина айтты,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәжіліс кулуарында журналистер Рахметуллинадан "судья Айжан Құлбаева әлі қорғауда ма" деп сұрады.

"Ұмытпасам, сол кезде қауіпсіздік шарасы әлі күшінде екені жарияланған болатын", - деді сот алқасының төрағасы.

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқаны және ол қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілгені хабарланды.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі ("Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу") бойынша соталды Іс жүргізу басталғаны айтылды. Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.

Пікірлер