Шымкентте шағынаудан мен қаланы байланыстыратын көпір опырылып түскені айтылды

733
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған
Шымкенттегі Жаңаталап шағынауданында көпір опырылып түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы otyrar.kz-ке сілтеп.
Жол көпірі жартылай опырылып түскен. Опырылған жол - шағынаудан халқын қаламен байланыстыратын жалғыз көпір болған.

7 маусым күні сағат 22:00-дегі жағдай бойынша көпір тірегі 1 метрге шөккен. Қазір көпір бойынша қозғалыс барлығына жабық. Аумаққа ескерту белгілері қойылған.

«Сіргелі ауылы мен Жаңаталап арасындағы жол көпір зақымдануына байланысты жабылады. А2 трасса бойындағы жаңа мазараттан бері қарай топырақ жол бар. Өздеріңіз білесіздер. Біз қазір жолды сызып, картасын дайындап қоямыз», - деді Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков.

Пікірлер