Теміржол тарифтері көрші мемлекеттерге қарағанда 2 есе арзан - Вице-премьер

1058
Adyrna.kz Telegram
Фото: Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов

Премьердің орынбасары Қазақстанның теміржол тарифтері өзгелерге қарағанда арзан екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына сұхбат берді. Шенеунік өз сөзінде логистика жүйесіне кіретін теміржолдар ел экономикасына жұмыс істейтінін атап өтті.

«Қазір бізде әртүрлі өнім түрлеріне тарифтердің 11 түрі бар, атап айтсақ: әлеуметтік маңызы бар тауарлар, көмір тасымалдау, астық тасымалдау және басқалары. Біздің тарифтер көрші мемлекеттерге қарағанда шамамен 2 есе төмен екенін айта кеткен жөн», — деді Роман Скляр.

Бірінші вице-премьер«Қазақстан темір жолы»кәсіпорнынан артық табыс алу күтіліп отырмағанын және мемлекет өз тарапынан«ұзақ мерзімге несиелер», тікелей бюджеттік қаржыландыру, жеке салымдар арқылы теміржол инфрақұрылымын инвестициямен қамтамасыз ететінін сөз етті.

Пікірлер