Балқаш әуежайын қайта жөндеуге қанша қаражат бөлінеді?

1186
Adyrna.kz Telegram
Фото:gov.kz
Фото:gov.kz

Балқаш қаласының әуежайын жөндеуге бюджеттен қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеген.

Балқаштағы әуежайындағы жол мен перрон 17 жылдан кейін қайта жөнделмек. Жобаның құны - 3,8 миллиард теңгені құрап отыр.

Әуежай құрылысына жауапты бас мердігер - "Казахдорстрой" ЖШС. Серіктестік ресурстарды жұмылдырып, арнайы техниканы, инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастағанын мәлімдеген.

Айта кетейік, Балқаш әуежайы 1967 жылы салынған. Онда жөндеу жұмысы соңғы рет 2007 жылы жүргізілген.

Пікірлер