Үндістанда бір тәулікте жаппай өлім дерегі тіркелді

1849
Adyrna.kz Telegram
Фото: АР
Фото: АР

Үндістанда бір тәулік ішінде бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Елдің солтүстігі мен шығысындағы аптап ыстықтан бір тәулікте 85-тен аса адам көз жұмды. Қаза тапқандар саны нақтылануда. Басылымның хабарлауынша, ең көп өлім-жітім Одишада тіркелген. Үндістанның шығыс жағалауындағы бұл штатта аптап ыстықтан 46 адам көз жұмып, тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылған.

Ал Бихарда 16 адам қаза тапты. Уттар-Прадеште 15 адам қайтыс болса, Джаркханд пен Раджастханда жоғары температурадан 4 адам көз жұмды.

Солтүстік Үндістанда және елдің шығысындағы кейбір аймақтарда аптап ыстық жалғасып жатыр.

Пікірлер