Сенат төрағасы Ресей депутатының дегеніне қатысты пікір білдірді

1442
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері, депутат Петр Толстойдың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік дума вице-спикерінің бұл мәлімдемесін тыңдаған жоқпын дейді. Алайда, Әшімбаев бұл түгел думаның емес, тек Толстойдың пікірі деп санайды.

«Мен ол кісінің мәлімдемесін өзім тыңдаған жоқпын, бірақ, әріптестерімнен естідім. Тыңдаған соң пікір білдіре аламын. Бірақ, бұны Мемлекеттік думаның пікірі деп емес, бір адамның пікірі деп қабылдау керек», - деді Әшімбаев.

Айта кетейік, Петр Толстой "Комсомольская правда" радиосының тікелей эфирінде Украина туралы сұраққа жауап беріп, Қазақстан, Армения елдерінің атын атаған.

Сонымен қатар, Петр Толстойдың пікіріне Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов пікір білдірді.

Пікірлер