ҚАЙЫРБЕК ШАҒЫР: Тәуелсіз Қазақстанда қазақ тілі рудимент болып бара жатқан жоқ па?

2254
Adyrna.kz Telegram
Сурет: lrt.lt
Сурет: lrt.lt

Әр қазақ сапалы, сенімді көлік мінгісі келеді. Бірақ сырттан кіргізген көлікке екі есе артық алым төлетеді. Өйткені, Қытайдың көліктері өтуі тиіс. Бұрын да солай болған, яғни, орыстың көліктері өтуі тиіс болған.

Біз екі алыптың ортасындағы дәрменсіз ел болып отырмыз. Көнбесек, әкемізді танытады. Не істеу керек?

Сіз Қытайдың көлігін алмаңыз. Ұлтыңыздың болашағы үшін жаяу жүріңіз немесе басқа амалын табыңыз. Сонда нарықтан өздері-ақ кетеді. Немесе арзандайды. Кім банкрот болғысы келеді дейсің.

Осыған ұқсас әдісті британ отарлаушыларына қарсы Ганди қолданды деп естіп едім.

Егер орыс тілі сіздің ұлтыңыздың тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп жатқанын байқасаңыз, ол тілде сөйлемеңіз. Ресейге барғанда ғана сөйлеңіз.

Эволюциялық даму барысында қолданылмай қалған мүше өзінен өзі жойылатыны немесе дамымай қалатыны туралы теория бар. Рудимент деп аталады. Қазір тәуелсіз Қазақстанда қазақ тілі рудимент болып бара жатқан жоқ па деп қауіптенеміз.

 

Қайырбек Шағыр

 

 

 

Пікірлер