Климаттың өзгеруі - су тасқынының басты себебі ме?

1410
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ашық дереккөз
Сурет: ашық дереккөз

Қазіргі заманның бүкіл әлем бойынша экожүйелерге, экономикаға және адамдардың өміріне қауіп төндірген ең өзекті мәселелерінің бірі - климаттың өзгеруі.

Температура мен теңіз деңгейінің көтерілуі, экстремалды ауа-райы құбылыстар санының артуы және тіршілік ету ортасының жойылуы бүгінгі таңдағы назар аударукерек негізгі мәселе екендігі бәрімізге айдан анық болып отыр. Оған дәлел 2023 жылы желтоқсанайында Дубайда өткен климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы. Оған еліміздің президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысқан болатын. Яғни климаттың өзгеруі тек Қазақстан үшін ғана емес,әлем үшін негізгі проблемалардың бірі екендігіндәлелдейді. БҰҰ ұйымы ұсынған «Тұрақты даму мақсаттарының» 13-мақсаты да осы климат өзеруімен күреске арналған. Яғни, мұндаклиматтың өзгеруі бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы айтылған.

Кең аумағы мен алуан түрлі ландшафты бар Қазақстан әлемнің алуан түрлі аймақтарының бірі болып табылады. Дала мен шөлдерден бастап тау жоталары мен бай табиғи ресурстарға дейін елдің экологиялық және экономикалық тұрғыдан ерекше орны мен маңызы бар. Алайда, көптеген басқа өңірлер сияқты, Қазақстан да климаттың өзгеруіне ұшырауда, бұл оның экологиясына, экономикасына және әлеуметтік тұрақтылығына елеулі зардаптар әкелуде.

Қазақстан үшін климаттың өзгеруінің елеулі салдарының бірі орташа температураның артуы болып табылады. Бұл мұздықтардың еруіне, қар суларының өз мерзімінен ерте еруіне, соған орайөзендер мен көлдердегі су деңгейінің көтерілуінеәкеледі. Оған мысал еліміздің 3 өңірде, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарындаболып жатқан су тасқыны.

Су тасқыны – қар мен мұздықтың тез еруінен және мол нөсер жаңбырдан өзен деңгейінің қысқа мерзімде күрт көтерілуі. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

1. күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез еруінен;
2. қуалай соққан желдің әсерінен және өзеннің теңізге құятын сағаларында;
3. су астында жер сілкінудің салдарынан пайда болады. Мұнда аса ірі толқындар көтеріліп, жойқын күшпен жағалауға соғады, толқын биіктігі километрге жетуі мүмкін.

Бұл орайда Қазақстан аумағында су тасқынының болу себебін Қазгидромет РМК Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Абаев Нұрлан Нүсіпбайұлы былай түсіндірді: «Еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде болып жатқан су тасқынының негізгі себебі, бұл топырақтың жоғары ылғалдылығына байланысты, сонымен қатар қыс мезгілінде пайда болған мұз қыртысының еріп үлгермеуі нәтижесі болып отыр. Себебі, еріген қармен жаңбыр сулары топыраққа сіңе алмай, елді-мекендерге жайылып қолайсыздық туғызуда. Жәнеде сол қар сулары өзен, көл арналарын тудырып, су тасқыны қауіпін ұлғайтуда» деп түсіндірді.

Су тасқыны елімізге экономикалық үлкен шығын алып келгені анық. Үкімет су тасқыны салдарынан өңірлерге келген шығынды екі айдан бері әлі есептеп бітпеді. Су тасқынына байланысты 120 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Су тасқыны жағдайының қорытындысы бойынша елімізде 12 908 тұрғын үй су астында қалған. 3 өңірде, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 264 үй әлі де су астында. Сондай-ақ, 25 921 саяжай учаскесі су астында қалған.

Климаттың өзгеруі су тасқынының жиілігі мен қарқындылығының артуына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Теңіз деңгейінің көтерілуі, жауын-шашын үлгілерінің өзгеруі және экстремалды ауа райы жағдайлары жиілігінің артуы, бұл процеске айтарлықтай ықпал етеді.Бірақ, біздің климаттың өзгерісіне әсер ете алмайтындығымыз анық. Сондықтан бізге осы климатқа бейімделе өмір сүруіміз қажет. Яғни алдын алу шараларын қарастырып, мәселелердің шешімін табуға әрекеттер жасауымыз керек. Су тасқыны қаупін тиімді басқару үшін де осы аспектілердің барлығын ескеру және климаттың өзгеруін және басқа факторларды азайтуға бағытталған кешенді стратегияларды әзірлеу қажет. Тек осылай ғана су тасқынынан болатын зиянды азайтуға және халық пен инфрақұрылымды осы табиғи апаттың жойқын әсерінен қорғауға болады.Сондай-ақ, осы жағдай елімізде осы салада жұмыс жасайтын гидролог және метеоролог мамандардыңаз екендігін және мамандары көптеп дайындауымыз қажет екенін көрсетті. Жастарымызды осы салаға бейімдеп, мықты мамандарды даярлау - осындай климаттың өзгеруі әсерінен болатын қауіпті құбылыстарды алдын алуға жасалған үлкен қадам болары хақ.

Рахматулла Нұрқанат Ерғалиұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

метеорология және гидрология кафедрасының 2 курс магистранты

Пікірлер