Әсіре діншілдер неге әскери борышын өтегісі келмейді?

9047
Adyrna.kz Telegram
azh.kz
azh.kz

Отан алдындағы борышын өтеу  - бар азаматқа міндет. Алайда әсіре діншілдердің әскерге баруға аса ниеті жоқ екенін жиі аңғарамыз. Осыдан “неге?” деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Әлде дінде оған тыйым салынған ба? Жалпы әр діннің өз дәстүрлері мен заңдары бар, олар адам мен мемлекеттің арасындағы арақатынасты анықтайды.

Әсіре діншілдер неге әскерге барудан қашады? Мұның бірнеше себептері бар:

  • 1 - себеп. Діндердің негізгі қағидаларының бірі - ынтымақ пен бірлік идеясы. Сондықтан дінде бір елдің мүдделерін екінші елге зиянынын тигізе отырып қорғауға рұқсат етілмейді. Осыны есепке алған діншілдер адамдарға ғана көмектесу керек дегенді ұстанып, әскерден бас тартады.
  • 2 -себеп. Әсіре діншілдердің әскери қызметтен бас тартуының ең кең тараған себебі - адамдарды өлтірмеу. Кейбіреуінің ойынша, соғыс алаңындағы әскерилердің қызметі осыған бағытталған. Міне, осы дүние ғалымдар мен діни қызметкерлер арасында әлі күнге дейін дау тудырып келеді.
  • 3 - себеп. Діншілдер үшін әскери қызмет сенім мен мәдениеттің негізгі қағидаларын бұзу ретіндеқарастырылады. Дәлірек, бұл бейбітшілік пен зорлық-зомбылық арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді.
  • 4 - себеп.Қазақстанда әскери құрылымдар мен қызметте діни салттарды орындауға және оны насихаттауға толықтай тыйым салынады.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі. Шынында да, бұл жоба мемлекеттік қызметшілердің дін саласындағы мінез-құлқын біршама реттеуді көздейді.

Бұл ретте, 2015 жылы Мемлекет басшысы бекіткен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде дін саласындағы мінез-құлыққа байланысты бірқатар шектеулер бар екенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің мүддесі үшін пайдаланбауға; ұжымда өздерінің діни сенімдерін ашық көрсетпеуі; бағынышты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс.

"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аумағында және ғимараттарында ғибадат қызметтерін, діни рәсімдерді, жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді. Бірақ жұмыстан бос уақытында мемлекеттік қызметші діни рәсімдерге қатысуға құқылы. Айтылған және аталған шектеулерді есепке ала отырып,  әсіре діншілдер үшін әскерге бармақ былай тұрсын, мемлекеттік қызметте жүру қиындық тудыратынын байқауға болады.

Кейбір Еуропа елдерінде (Франция, Германия) мемлекеттік қызметшілерге, соның ішінде мемлекеттік мектептердегі оқытушыларға діни киімдерге және діни көзқарастарын көрсетуге заң жүзінде тыйым салынады. Бұл өзгерістердің мақсаты - мемлекеттік басқару жүйесінің зайырлы сипатын сақтау және нығайту.

  • 5 - себеп.Әскер - жас жігіттердің физикалық түрде шынығатын ортасы. Тәртіп қатал, талап көп.  Осындай маңызды ортаға діншілдердің келіп, барлық ережені бұзып, діни саясатты жүзеге асыруы үлкен қауіп туғызады. Сондықтан әскерге баратындар қатаң бақылаудан өтеді.
  • 6 - себеп. Кейбір діншіл топтар үкіметті халықаралық қақтығыстарға қатысқаны үшін сынап жатады, осыдан өз елінің әскеріне деген сенімсіздік туындайды. Оның әсері олардың Қарулы Күштерде қызмет еткісі келмейтіндігін түсіндіреді.

 

Дінде әскерде қызмет етуге тыйым салынбайды, бірақ белгілі бір ережелер мен шектеулер бар. Олар әскери қызмет атқара алады, бірақ сонымен бірге белгілі рухани және этикалық қағидаларды сақтауы керек. Мысалы, дінде бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауға, соғыс қимылдарында жануарлар мен өсімдіктерді пайдалануға, балалар мен әйелдердің құқықтарын бұзуға тыйым салады.

Бүгін де көптеген азаматтар өз қалауы бойынша әскерге бара алады. Бұл діни заңдарды бұзу дегенді білдірмейді. Әскери қызмет -елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терроризммен күресудің маңызды жүйесі. Осы логикаға сүйене отырып, әр азамат өз еліне және халқына көмектесу үшін әскерге барып, борышын өтеп, әрі қарай қызмет етуге құқылы деген тұжырым жасауға болады.

Пікірлер