Қазақ қызы Анар Бурашева алғаш рет Эверест шыңын бағындырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Kazakh Everest Team" қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді. Топ құрамында альпинистер Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев та бар.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық команда 12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверест шыңын бағындырған.
"Олардың арасында біздің отандастарымыз бар. Олар тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев. Бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы",- делінген "Kazakh Everest Team" қазақстандық баспасөз қызметінің мәліметінде.
«Kazakh Everest Team» командасының шыңға көтерілуі бес тәулікке созылған. Биік шыңға Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстанның мемлекеттік туын орнатты.