АҚШ Ресейді Украинаға қарсы химиялық қару қолданды деп айыптады

1651
Adyrna.kz Telegram

Ресей Украинаға қарсы тыйым салынған химиялық препарат қолданғаны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы сәрсенбі, 1 мамырда АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялық шараларын қолдау мақсатында мәлім болды.

Американың сыртқы саясат департаменті ресейлік әскерилео Украина сарбаздарына қарсы тітіркендіргіш улы зат хлоропикринді пайдаланды деп мәлімдейді.

Осыған байланысты АҚШ-тың жаңа санкциялық тізіміне Ресей Қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері, Ресей қолданбалы акустика ғылыми-зерттеу институты және Ресей Қорғаныс министрлігінің 48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ төрт компания кірді. Ресейдің химиялық қару бағдарламаларымен және биологиялық қарумен байланысты.

«Мұндай химиялық заттарды қолдану жеке бірінші рет юолып тұрған жоқ және ол ресейлік күштердің украиндық әскерге қарсы позицияларынан айныту мақсатында әдейі жасалуы мүмкін», - делінген Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.

Ведомствоның хабарлауынша, тұншықтырғыш және көзден жас ағызатын хлоропикрин спрейі Ресейдің өзінде елдегі жаппай наразылықты басу үшін қолданылған.

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Гаага ұйымы (OPCW) тыйым салған хлоропикрин - сұйық, оның булары тері мен шырышты қабаттарға әсер етеді және жоғары концентрацияда диафрагма бұлшықеттерінің бақыланбайтын конвульсияларын тудырады. Оны бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлері қолданды.

Пікірлер