"Үлкен жетілік" Ресейге жаңа санкциялар енгізуге дайын

1220
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТОМАСА КИНЦЛЕ
Фото: ТОМАСА КИНЦЛЕ

2025 жылдың Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында «Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері кездесу өткізіп, өздерінің мәлімдемелерін жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Америка даусына сілтеме жасап. 

АҚШ, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және Ұлыбритания өкілдері, сондай-ақ Еуропа Одағының жоғары өкілі  2025 жылы алғаш рет Мюнхен конференциясы аясында Канаданың төрағалығымен кездесті.

Кездесу нәтижесінде G7 өкілдері Ресейдің Украинаға қатысты соғысын айыптап, Украинаның бейбітшілігіне қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеу, сондай-ақ сенімді қауіпсіздік кепілдіктерін әзірлеу қажеттілігін растады. Олар соғыстың қайта басталмауы үшін жұмыс істейтініндерін мәлімдеді.

«Үлкен жетілік» мүшелері Украинаға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі міндеттемелерін тағы да атап өтті. Мұнда Ресейдің мұздатылған мемлекеттік активтерінен түсетін кірістерді пайдалану туралы айтылды.

«Ресей келіссөздер жүргізу барысында адал болмаған жағдайда, оған қосымша шығындар жүктеледі» - деп мәлімдеді олар.

Бұл Ресейдің мұнай мен газға баға шектеулерін енгізу және санкцияларды күшейту арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Егер Ресей Украинаға қарсы соғысты тоқтату бойынша нақты және адал күш-жігер жұмсайтын болса, жаңа санкциялар енгізілуі керек» – делінген мәлімдемеде.

Бұл Украинаға өз тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға және ұзақ мерзімді қауіпсіздік пен тұрақтылыққа кепілдік береді.

G7 мүшелері Украинаға оның еркіндігін, егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қорғауда өзгеше қолдау көрсететіндерін тағы да растады.

Сонымен қатар, Үлкен жетілік мүшелері Қытай тарапынан Ресейге қосарланған мақсаттағы көмек көрсетуді және Солтүстік Корея мен Иран тарапынан Ресейге әскери көмек көрсету әрекеттерін айыптады.

Келесі кездесу 12-14 наурыз аралығында Канададағы Шарлевуа қаласында өтеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер