Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, бір әйел қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерден өрт шықты.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтағанымен пәтерден әйелдің денесін тапқан.
Ведомствоның мәліметінше, Ақбұлақ-3 ауданында болған қызыл жалынның аумағы 20 шаршы метр. ТЖМ өкілдері өрттің 16:27-де жойылғанын айтады.
"Пәтерде әйелдің денесі табылды", – деп атап өтті құтқарушылар.