7 шілде күні әнші Қайрат Нұртастың концерті жоспарланған болатын. Алайда танымал өнер иесінің соңғы әрекеттерінен кейін жоспарланған концерт өтпейтін болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы шараны ұйымдастырушы BM продакшн Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
"7 шілдеде "Астана" концерт залында жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың қатысуымен өтетін концерт уакытша ауыстырылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Ақпаратты жариялаған ұйымдастырушылар концерттің өтпеуі мен кейінге шегерілуі себебін нақтыламады.
Айта кетейік, әнші Қайрат Нұртастың басы дауға қалған еді. Ол ұшақта төбелес шығарып, ісі сотқа жеткен. Артынша әріптес-інісі Әбдіжаппар Әлқожаның да ұсталғаны белгілі болды.