Президент әуе қорғанысы күштерін модернизациялауды тапсырды

942
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып жаңадан тағайындалған Қосановты қабылдады. Кездесу барысында әуе қорғанысы күштерін модернизациялау туралы бірқатар тапсырма берді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдап, халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Пікірлер