Жерге түскен кеспені жегізіп татуласқан. Ақтөбеде подполковниктың сарбазды ұрғаны айтылды

390
Adyrna.kz Telegram
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Ақтөбеде подполковник сарбазға жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлегені айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Диапазон” басылымының мәліметінше, сарбаз подполковниктің бұйрығын орындамағаны үшін оны соққыға жыққан.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің зениттік зымыран дивизиондары штабының бастығы "51809" нөмірімен отырды. Подполковник лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қатардағы жауынгерді ұрды деп айыпталған.

Іс материалдарында бірнеше сарбазға түскі асқа кешігіп келгені үшін ескерту жасалғаны айтылуда. Бір сарбаздың арқасындағы сөмкесінен бірнеше жылдам дайындалатын кеспе барын көріп, "аштан өліп барасыңдар ма?" деп оларды пакеттегі кеспені жеуге мәжбүрлеген. Кейін жерге түскен кеспені жеп қоюды да бұйырған.

Бұйрығы орындалмаған подполковник бір жауынгерді 8 рет құлағынан шапалақпен салып, бетінен жұдырықпен ұрғаны айтылған.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, жәбірленушінің құлақ мембранасы мен сол құлақтың құлақ қалқаны жарылған.

Сотта айыпталушы қылмысын толық мойындаған. Кейіннен сарбаз пен подполковник татуласып, қылмыстық іс қозғалмаған.

Пікірлер