Макрон Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды

1099
Adyrna.kz Telegram
Фото: dailymoscow.ru
Фото: dailymoscow.ru

Франция президенті Эммануэль Макрон Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ТАСС-қа сілтеп.

Ол Газа секторындағы қазіргі әскери әрекеттер тек қақтығыстың шиеленісуіне ықпал етіп, ұзақ мерзімді перспективада Израильдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін айтты.

«Мен мұны премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қайталадым: Газа секторында соғысу - Израильдің болашақ қауіпсіздігі үшін қате. Осындай әрекеттердің нәтижесінде аймақтағы шиеленіс пайда болады», - деп атап өтті Макрон.

Франция президенті Париждің ұстанымын Израиль билігі қабылдамай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, халықаралық қауымдастықтың әскери қолдауын тоқтату саяси шешім табуға түрткі болуы мүмкін.

Пікірлер