Бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұған дейін 8 жылға сотталған бұрынғы Мәдениет министріне тағы 3 жыл қосылды. Сот үкімімен Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды.
Белгілі болғандай, Мұхамедиұлы жазасын жеңілдетіп, босап шығу үшін пара бермек болған.
Сондай-ақ экс-министрдің жұбайы Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды, сондай-ақ алты айға бас бостандығынан айырылды.
Ал сотталушының адвокаты Мұстахым Төлеев – алаяқтық үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
“Адырна” ұлттық порталы