Оралда әйел адам өз қызын сотқа берген

1362
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласында анасы өз қызын сотқа берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қызы мен анасы бір-бірімен жанжалдасқан. Оқиға барысында екеуі де үйде болғаны айтылды.

Қыз бала дауласқанда өз анасына құрметсіздік танытып, оған қарсы қорлайтын балағат сөздер айтқан. Ал анасы құзырлы мекемеге қызының үстінен арыз жазып жіберген. Кейін сотталушы өз кінәсін мойындап, соттан анасымен татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

“Жәбірленуші хаттамада айтылғандарды растады. Оны полицейлер арыздағ негізден қарады. Әйел қызын кешіріп, одан енді мұндай оқиғалардың қайталанбайтынына уәде алған”, – делінген хабарламада.

Олар  татуласқандықтан сот тараптар арасындағы бейбіт келісімді мақұлдады. Іс жабылып, анасын қорлаған қызы жауапкершіліктен босатылды. Қаулы заңды күшіне енді.

Пікірлер