АЭС-ке қарсы шыққан. Алматыда бір топ белсенді ұсталды

966
Adyrna.kz Telegram

Алматыда АЭС құрылысына қарсы бір топ адам ұсталған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Полиция күдіктілердің қамауға алу себебін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп түсіндірген.

Басылымның мәліметінше, Алматыда атом электр станциясы құрылысына қарсы 12 белсендінің алтауына тергеу соты 2 айға қамауға санкция берді.

Тұтқындалған 12 белсендінің алтауы босатылған. Тұтқындалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал ұсталғандардың адвокаты Төлеген Берліқожа:

«Олар Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1-бөлігі бойынша күдікті, яғни «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» деген айыппен сотталғалы жатыр. Өздері АЭС-ке қарсымыз деп айтқан. Сараптама мен тергеу құпия болған соң, егжей-тегжейлі айта алмаймыз. Сараптама тергеу ісі біткен соң ғана қолымызға түседі», — деп мән-жайды түсіндірді.

Пікірлер