Қазақстанда отандық білім берудің көшбасшыларына арналған жаңа алаң құрылды

9827
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық білім беруде мектеп басшылары алғаш рет арнайы өздеріне және олардың кәсіби дамуы мен көшбасшылығына арналған  тақырыптық форумда бас қосты. NIS Педагогикалық шеберлік орталығы Астанада төрт жүзден астам директорды біріктірді, алты жүзден астам директор еліміздің барлық өңірлерінен онлайн қосылды. Екі күн бойы олар табысқа жету стратегиясында жеке және командалық басымдықтарды анықтады.

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервті дайындау жөніндегі президенттік бағдарламаның алғашқы түлектері халықаралық интенсивтің  негізгі делегаттары атанды. Олардың барлығы Педагогикалық шеберлік орталығында оқуларын аяқтап, мамандыққа жаңа қадам жасауға дайын.

Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин интенсивтің ашылу салтанатында президенттік кадрлық резервті дайындау бойынша ауқымды бағдарламаның бірегейлігін ерекше атап өтті.

Бағдарлама отандық білім берудің топ-менеджерлеріне арналған ең өзекті және креативті форматтарды қамтиды: «Қалай табысқа жетуге болады?» кейс-сессиялары, эмоционалды құзыреттілік бойынша креативті практикум, мектептегі Talent-Management бойынша «Мұғалімдерді шабыттандырамыз» форсайт-сессиясы, ата-аналар, оқушылар және мектеп басшыларына арналған ұжымдық дискуссия, «Цифрлық менеджментке арналған құралдар» Digital-сессия және басқалары.

Шетелдік тәжірибелерді «360-мектептің» тең директоры, британдық білім беруді зерттеу қауымдастығы кеңесінің мүшесі Сара Селезнев, Таллин ғылыми мектебінің басшысы, Эстония мұғалімдері одағының төрағасы Мэдис Сомэлар, Сингапурдағы Арбингер институтының қауымдастырылған кеңесшісі Сарас Менон таныстырды. Олардың барлығы жаһандық педагогикадағы стратегиялық және жұмыс алгоритмдері бір екенін және көшбасшылардың негізгі бағдары көп жағдайда ұлттық білім беру жүйесіне емес, көшбасшылардың жеке стандарттарына байланысты екенін растады.

 Тәжірибе үшін өте қызықты және маңызды тақырыптар. Мен көптеген пайдалы ақпараттарды білдім және алған білімімді тәжірибеде сәтті қолдана аламын деп ойлаймын. Әртүрлі елдерден келген әріптестермен танысқаныма, олардың оқыту әдістері мен тәжірибесіне өте қуаныштымын. Маған семинардағы жұмыс қарқыны, өз пікірін білдіру, тәжірибе алмасу мүмкіндігі, семинар барысында әріптестер арасындағы жылы атмосфера қатты ұнады, –  дейді Ескелді ауданы Қарабұлақ орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Косахбаева.

«Білім берудегі көшбасшы бағдары» –  Педагогикалық шеберлік орталығының мектеп басшыларының кадр резервін дайындау және мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттырудағы ауқымды жұмысының қисынды жалғасы.

 

Пікірлер