Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасының өсетіндігін болжады

5451
Adyrna.kz Telegram
Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның экономикалық саясатына қатысты болжамдар жасап, келешектегі көрінісіне баға берді. Сонымен қатар,  еліміздің тәуелсіз кредиттік рейтингі BBB деңгейінде екенін растады. Бұл тұрақты дамыуды білдіретін көрсеткіш. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.  
Cарапшылардың сөзіне сенсек, Қазақстанның рейтингтегі орнын шегендеп тұрған басты көрсеткіш - актив қорлары. Актив қорлары қаржылық теңгерімді орнықты ұстап тұру мен бюджеттік қаржыландыруға оң әсер етеді. Нәтижесінде, экономикалық тұрақтылықты ұстап тұруға негіз бар.

- Сарапшылар қазіргі шоттың профициті 3,4%-ға жақсарғана орай экономикалық өрлеу 2024 жылға дейін сақталады деп отыр. Ел мұндай жақсы көрсеткішке кейінгі 11 жылда жетіп отыр. Олардың пікірінше, бұл Қазақстанның сыртқы балансын одан әрі нығайтуға ықпал етпек.

Сонымен қатар, Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ға дейін және 2024 жылы 4,8%-ға дейін өседі деп болжап отыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер