Ұшақ апатын тексеру. Әзербайжан Қазақстан мен Ресейдің ұсынысынан бас тартқан

330
Adyrna.kz Telegram

Әзербайжан ТМД халықаралық авиация комитетінің ұшақ апатын тексеру туралы Ресей мен Қазақстанның ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы APA-ға сілтеме жасап.

«Ұшақ апатынан кейін Ресей мен Қазақстан оқиғаны тергеп-тексеру туралы ТМД-ның халықаралық авиация комитетіне ұсыныс жасады», - деп хабарлады АРА.

Айта кетейік, Мемлекетаралық авиация комитеті 1991 жылы желтоқсанда 12 мемлекет жасасқан азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы мемлекетаралық келісім негізінде құрылды.

EADaily хабарлағандай, Қазақстан ресейлік және әзірбайжандық сарапшыларды Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша сот-медициналық сараптамаға қатысуға жібермейді, бірақ сарапшылар апатты тергеуге қатыса алады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты.

«Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, Ресей мен Әзірбайжанның құқық қорғау органдарының қылмыстық істі тергеуге қатысуы қарастырылмаған. Дегенмен, оларға апатқа қатысты тергеуге қатысуға мүмкіндік беріледі»,- деді премьер-министрдің орынбасары.

Еске сслсақ,  25 желтоқсан күні Баку-Грозный бағытында ұшқан AZAL-ға тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайынан 3 шақырым жерде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам (62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі), Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болған. 38 адам қайтыс болды.

Пікірлер