Маңғыстаулық жас сарбаздың құпия өліміне жауап ала алмаған жақындары Тоқаевқа хат жазды

4184
Adyrna.kz Telegram

Редакциямызға әскери борышын өтеу барысында көз жұмып, өмірден қыршын кеткен жас сарбаз Қалбай Әлібек Саламатұлының жақындарынан хат келіп түсті.

Хаттың сарыны төмендегідей:

"Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылынан боламын. Мен әскери борышын өтеуге кетіп, 4 күннен кейін қайтыс болған Қалбай Әлібектің жеңгесімін. Қазір сотты тоқтатып, қайтадан тергеу үшін прокаратураға жолдағанбыз. Бірақ әділдікке жету деген өте қиын екен. Баламыздың денесінің 18 жерінде гематома болды."

Хат авторы сот ісінің қызметіне уәж айтады. Қылмыстың толық ашылмай, тергеудің жүрдім-бардым жүргізілгеніне шағымданады. Шағым ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың атына жазылған.

"Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев!

Биылғы жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысы, Гвардейск қалашығы, 30212 әскери бөлімшесінде жас сарбаз Қалбай Әлібек Саламатұлының Отанына қызмет етуге кетіп, төрт күннен кейін белгісіз себептермен сапта тұрған жерінен қайтыс болу оқиғасы орын алды. Аталған оқиға бойынша сол әскери бөлімінің жас сарбазы А.Аманжуловқа қатысты ҚР ҚК-сының 440 бабы 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде А.Аманжулов қамауда.

Гвардейский қалашығындағы сотқа дейінгі әскери тергеу бөлімі басшысы М.Б.Джанаевың басшылығымен тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс екі айдан астам уақыт өткеннен соң Алматы қаласы бойынша әскери сотының өндірісіне түсті.

Әскери Прокуратура тарапынана жоғарыда көрсетілген баппен А.Аманжуловқа қатысты айып тағылып,  сот тергеуі де басталды. Сот тергеуінде 174 куәгердің 46-cынан жауап алынды. Оның ішінде сол әскери бөлімнің командирлері, сержанттар, әскери бөлім дәрігері, мейірбике, жас сарбаздар сұралды. Жауап алынған куәгердің түгелі десек артық айтылмағаны болар, жалғыз күдікті Курочкиннің Амажулов ұрды деп көрсеткен жауаптары негізін таппады.

Қылмыстық іс үстіртін жүргізілген. Прокуратура тарапынан қандай да бір әскери бөлім командирлерлерімен, сержанттарының іс-әркеттерін жасыру мақсатында болса керек, мүлдем іс обьективті қаралмаған. Жауап алу хаттамаларында кеткен кемшіліктер шаш етектен. Қылмыстық іс бойынша қайтыс болған жас сарбаз А.Қалбайды ұрып соқты деген жеріне қатысты оқиға орнынан «ситуационный» қарау жасалған. Ол жерде бала-бақша баласын алдағандай жасанды іс-әрекеттер көрініп тұрды.

Сот отрысына шақыртылған әскері шенділермен, жас сарбаздар және куәгер В.Курочкин жауаптарында бірнеше қарама-қайшылықтар орын алды. Әскери 30212 әскери бөлімінің 220 дана «бейнетаспаларының» жұмыс істемейтіндігі анықталды.

Сот тергеуінде жауап алынған Маңғыстау облысы бойынша сараптама Институтының «изгумация» жасаған комиссия сарапшылары А.Ахметовпен А.Амиршин, гистолог А.Бердибекова  өздері тарапынан жасаған сараптама қорытындыларын растады. Алайда, мәйітке алғашқы болып сараптама жасаған Жамбыл облысы бойынша сараптама Институтының сарапшысы А.Ким өзі берген қорытындыға толықтай жауап бере алмай, сараптама қорытындысын жартылай қуаттады.

Сот тергеуінде жауап алынған сержант составы өздерінің ешнәрседен хабарсыз екендірін айтып, оқиға болған күні тапжылмай жұмыс орындарында болғандарын дәлелдеуге тырысты. Алайда,  қорғау тарапы оған сын көзбен қарады.

21.04.2022 жылы кешке сарбаздар ұйқыға жатқаннан кейін таңғы сағат 5.00 шамасына дейін марқұм А.Қалбайдың таяқ жегенін жоққа шығаруға бола ма?

22.04.2022 жылы таңғы сапта тұрып құлаған марқұм А.Қалбайдың денесінен сарапшылар 18 түрлі жарақаттың барын жоққа шығармады. "Сонда жалғыз сарбаз А.Аманжуловтың ұрған 6.7 соққысынан адам өлді ме?" деген сұраққа осы күнге дейін мардымды жауап ала алмадық.

Жәбірленуші тараптың  атынан  М.Джавгашев атына өтініш-хаттар жолданды. Ол жердегі жәбірленуші тараптың мақсаты істің ақ-қарасын анықтауды және әділ қарауды сұраған болатын. Алайда, оған назар аударған басшылық жоқ.

Гвардейский бөлімі тергеу тарапы басшысы Т.Джаиков әскери бөлімшесінде жас сарбаз өлімі болып жатқанда еркін еңбек демалысына кеткені аздай, ішімдікке сылқия тойып алып, тергеуге тартылып, жауап алынып жатқан сарбаздарға  қоқаң лоқы көрсетіп, келгендеріне бес күн болған сарбаздарға қылмысты мойындаңдар деп балағаттағаны сот тергеуінде  Аманжуловқа ұсынған фототаблицада танылды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабы,1,2 тармағы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық делінген.

Қазақстан  Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды делінген.

Кулмагамбетовтер  отбасына, туыстарымен ата-анасына қыршын, 18 жасқа енді толған азамат жігіт болған баласының Жамбыл облысы Гвардейский қалашығы Отар елді мекенінде 30212 әскери бөлімшесіне өз Отанын қорғаймын деп келген жерінен бас аяғы төрт күн ішінде белгісіз жұмбақ жағдайда қайтыс болды деген суық хабар бүкіл елді бей-жай қалдырмады.

Бұл жас сарбаз Қалбайдың өлімі неге төрт күн ішінде болды? Оған кінәлілер кім? Кінәлілер болса, неге тергеу тарапынан жазаға тартылмады, сонда жазасын өтеуге ауыр қылмысты бір сарбыздың арқалап кетуіне не себеп деген мыңдаған сұраққа жауап алу мүмкін болмады.

30212 әскери бөлімше басшыларының  немқұрайлы болғандықтарынан сарбаз өлімі болып отырған жоқпа? Алматы гарнизоны әскери сотының өндірісінде ҚР ҚК-сының 440 бабы 4 бөлігімен қаралып жатқан А.Аманжуловқа қатысты қылмыстық ісін Жамбыл облысы бойынша Әскери Прокуратурасына қайтарылды. Алайда Прокуратура сот шешімімен келіспей апелляциялық шағым түсірді.

09.11.2022  жылы Астана қаласы бойынша Жоғарғы сотында қаралған апелляциялық шағым өзгерссіз қалдырылып, қылмыстық іс қайта тергеуге Гвардейский калашығы тергеуіне кайта кайтарылды.

Құрметті Президент!
Осы жас сарбаздың өліміне қатысы бар әскери шенділерді жауапқа тартып, істі обьективті түрде қарап әділ шешім шығару үшін ықпал етуіңізді сұраймыз!

Жәбірленуші Кулмагамбетов Саламат

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер