Әскерде жұмбақ жағдайда қайтыс болған жас сарбаздың туыстары қайтадан Тоқаевқа хат жазды

3846
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы, Гвардейский қалашығына Маңғыстаудан шақырылған Әлібек Қалбайдың жұмбақ өлімінің себебін ашуға қатысты өткен сот отырысын баядап, жас сарбаздың туысқандары редакциямызға өз пікірін. Пікірде марқұмның туыстары сот үрдісін бастан-аяқ баяндап, ел прездидентінен көмек сұрайды. 

Құрметті менің тыңдармандарым және тұтас қазақ халқы! Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тыныштығына кепіл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза!

Мен осы жазбамды парақшама жүктер алдын өте көп ойланып, жан-жағыма қарап, болып жатқан іс бойынша сіздерге ақпарат бергенді дұрыс деп шештім.

2022 жылдың 22 сәуірінде сапта тұрған жерінде кенеттен кұлап, жұмбақ жағдайда қайтыс болған 18 жасар жас азамат Қалбай Әлібек Саламатұлының өлімі туралы айтпақпын.

Жамбыл облысы, Отар елді мекені, Гвардейский қалашығы, №30212 әскери бөлімшесі сарбаздары,  сержант офицерлері, басшылықтағылар қатысқан қылмыстық істің сотта қалай зерделеніп жатқандығы жайлы жалпақ жұртқа айту қажет болып отыр.  Бір жыл бойына сағыздай созылған әскери сарбаздың қайтыс болу фактісі бойынша өтіп жатқан отырысқа қарт ана Қалбай Әлібектін әжесі Кулмагамбетова Болдық апамыз да қалмай қатысып келеді. Бірақ сот отырысыдағы әскери бөлімше тарапынан болып жатқан былықтар тоқтар емес.

Сот отырысына қорғау тарапының өтінішімен шақыртылған офицер мырзалар, оның ішінде Әскери тергеу басқармасы, Гвардейский қалашығы бойынша "Оңтүстік өңірі"  тергеу бөлімінің басшысы полковник Т.Джаиков, "Оңтүстік өңірлік Тергеу басқармасынан" М.Джавгашев, басқармасының ВЖТТ басшысы, аға тергеуші Б.Джанаев және Отар елді мекенінде орналасқан Гвардейский қалашығы тергеу бөлімінің аға тергеушісі М.Әукен бастаған бір топ офицелер сотта сөз сөйледі.

Соның ішінде Т.Джаиков тергеу тобының басшысы бола тұра (қазір зейнетке шығып кеткен)  мыңдаған сылтау айтып, сот отырысына келмеді. Ол сот отырысына келуге міндетті еді. Осы қылмыс орын алған кезде Т.Джаиков қазіргі сотталушы орындығында отырған А.Аманжуловқа осы қылмысты мойында, Атырау қаласынан келіп-кетіп жүрген ата-анаңды, бауырларыңды ойла, себебі оларға бір жамандық болуы мүмкін деп қорқыткандығы сотталушы тарапынан сот отырысында айтылды.

Сот отырысына шақыртылған М.Джавгашев жәбірленуші тараптың "Әскери бөлімшелеріңізде сарбаз өлімі көп орын алып тұра ма?" деген сұрағын келекелеп, сот отырысын күлкіге айналдырып, мысқылдады.  "Иә, не істейсіз, бізде өте көп сарбаз өлімі болып тұрады. Мысалға жеті, сегіз, тіпті он сарбаз өліп тұрады" деп жауап берді.

Осылайша судья А.Рахметова тарапынан ескерту алды. Сот отырысын күлкіге айналдырып тұрғаны өзге отырысқа қатысып отырған азаматтардың ашуын тудырды. Мемлекеттік айыптаушының мұндай кемшіліктерге көз жұмып қарап отырғаны, одан қалды офицер М.Джавгашевті қорғаштағанын көрген сотқа қатысушылар айтарға сөз таппады.

Сот отырысына келіп жауап берген терегуші М.Әукен өз тарапынан қылмыс жасаған жалғыз Курочкин екенін алға тартып, сол жалғыз күәгердің берген жауаптарынан қылмыстық дәлел табылғанын айтып айды аспанға шығарды.

Қылмыстық істі жүргізу барысында кеткен кемшіліктер шаш етектен. Себебі ситуациондық сараптама жасаған кезде жалғыз күә Курочкиннің айтуымен екі статист жеткізілген. Статисттер қайтыс болған Қалбай Әлібекпен сотталушы Аманжулов Айболатқа не бойлары, не салмақтары келмейді. Алайда сот өз тарапынан көрініп тұрған кемшіліктерге баға беретін болар.

29.03.2023 жылғы өткізілген сот отырысында Маңғыстау облысы бойынша мәйітті «изгумация»жасаған сарапшылармен, Жамбыл облысы Қордай елді мекенінде алғашқы мәйітке сараптама жасаған сарапшылар шақыртылды.

Сарапшылар өздері берген қорытындыларын растады. Сот отырысына келген сарапшылар тарапынан жұмбақ жағдайда қайттыс болған Қалбай Әлібектің басынан қатты зақым алғандығы айтылды.Бірінші мәйітпен жұмыс жасаған сарапшы Қалбай Әлібектің ішкі құрылыстарының қан талауға ұшырағанын,  бастың оң жақ шекесінен доғал затпен ұрылғандығын айтып өтті. Қылмыстық іс бойынша Ақтөбе қаласынан тәуелсіз жасаған сараптама қорытындысында мәйітке «изгумация»жасаған гостологтар тарапынан кемшіліктер кеткені айтылады. Сот төрайымы мұндай кемшіліктерге әділ шешімін береді деп ойлаймыз.

Сот қылмыстық іс материалдарын зерттеп жатыр. Міне 11- айдың жүзі болды. Әскери Прокуратура тарапынан нағыз қылмыскерлер анықталған жоқ. Прокуратура тек қана Калбай Әдібек дене жарақатын алып, содан көз жұмды деген нәтижеге келіп отыр.

Қазақ елінің жас буындарына осындай әділсіздік жасалып отырғанын көрген ата-ана өз баласын әскерге, Отанын қорғауға қалай жібереді? Балаларын сеніп тапсырып отырған офицер мырзалардың айтып отырғаны мынау болса, онда тіпткен ойлаудың өзі қорқынышты. Ал сержанттар жаңа келген жас буындарға «Айжамал»деп кемсітіп, ар-намысына тисе. Ата-ана әділдікті кімнен сұрайды Прокуратураның жалғыз мақсаты істің әділ ашылғаны емес, кінәлі деп бір сарбазды соттатып жіберу. Сонда Қорғаныс Министрі, Ішкі Істер Министріне бәрібір болып тұрғаны ма?

"Сарбаз қайтса, ондай өлім жиі болып тұрады, қалыпты жағдай" деп офицер мырза М.Джавгашев сот отрысын күлкіге айналдырып отыр емес пе? Екінші офицер, полковник мырза Т.Джаиков зейнетке шыққанын сылтау етіп, өтірік анықтамамен құтылып отыр емес пе?

Отанын қорғап, еліне, жұртына ата-анасымен аман-есен қауышқанның орнына, міне,  бала өлімінің ақиқатына жете алмай, бір жылдың көлемі болды, ата-анасы екі қала арасында әділдікке қол жеткізе алмай дал болып жүр.

Құрметті Президент мырза! Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Соттың әділ шешім шығаруына, Қазақстан Республикасының  кепілі ретінде ықпал етуіңізді қайтыс болған жас сарбаздың ата-атасы мен туыстары сізден өтініп сұрайды.

Құрметпен: жұмбақ жағдайда қайтыс болған жас сарбаз Қалбай Әлібек Саламатұлының туыстары.

Еске сала кетейік, биыл 22 сәуірде Жамбыл облысы, Гвардейск әскери қалашығы госпиталінде мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз Әлібек Қалбай көз жұмды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздың отбасына көңіл айтып, істің себебін анықтауды тапсырды. Дегенмен, марқұмның туыстары сот процесіне көңілі толмайтындығын айтады. Олар ел басшысына осымен үшінші мәрте хат жолдап отыр.

Ескерту: Оқырман қауымға автор жазбасы қаз-қалпында ұсынылып отыр.  Хат-пікірде келтірілген деректерге редакция жауап бермейді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер