Мыңдаған адамды көшеге шығарғаны үшін кешірім сұрады

1938
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/ecb507658ff60950274f3637dc9c6f2e_xl-960x500.jpg?token=0ade164150e3cc7fe7fe7b283f3e18e0
Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынын өткізу үшін 2 мың адамды жинаған кәсіпкерлер қала тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұқаралық іс-шараны ұйымдастырғандар қала тұрғындарынан кешірім сұрады.
"Romantic" гүлдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан кешірім сұрайды. Болған оқиға үшін барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Іс-шараларды өткізу үшін қойылатын талаптар мен бас санитар дәрігердің нұсқамасы бұзылды. Қаламызға және жұртшылыққа келтірілген қолайсыздықтар үшін жауапкершілікті көтеруге дайынбыз. Бұл іс-шара әкімдіктің және басқа да мемлекеттік органдардың келісімінсіз өткізілді. Біз қалыптасқан жағдайдың ауырлығын түсінбедік", - деді қала тұрғындарына гүл орталығының атқарушы директоры Темірлан Кенжебаев.
Дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 230 АЕК немесе 670 910 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Кәсіпкерлер кінәсін мойындап, айыппұлды 7 күн ішінде өтеуге келіскендіктен, төлем мөлшері 115 АЕК немесе 335 455 теңге болады.
Comments