Мыңдаған адамды көшеге шығарғаны үшін кешірім сұрады

1755
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынын өткізу үшін 2 мың адамды жинаған кәсіпкерлер қала тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұқаралық іс-шараны ұйымдастырғандар қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

"Romantic" гүлдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан кешірім сұрайды. Болған оқиға үшін барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Іс-шараларды өткізу үшін қойылатын талаптар мен бас санитар дәрігердің нұсқамасы бұзылды. Қаламызға және жұртшылыққа келтірілген қолайсыздықтар үшін жауапкершілікті көтеруге дайынбыз. Бұл іс-шара әкімдіктің және басқа да мемлекеттік органдардың келісімінсіз өткізілді. Біз қалыптасқан жағдайдың ауырлығын түсінбедік", - деді қала тұрғындарына гүл орталығының атқарушы директоры Темірлан Кенжебаев.

Дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 230 АЕК немесе 670 910 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Кәсіпкерлер кінәсін мойындап, айыппұлды 7 күн ішінде өтеуге келіскендіктен, төлем мөлшері 115 АЕК немесе 335 455 теңге болады.

Пікірлер