"Естен танғанша ішімдік ішкен". Астанада балабақша тәрбиешілері балаларды қараусыз қалдырған

5943
Adyrna.kz Telegram

Астана полицейлері балабақшалардың бірінде педагогтерді мастық салдарынан ес-түссіз күйде тапқан. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Астана Полиция департаментінің тілшіге берген мәліметі бойынша, балабақшадағы оқиға туралы ақпарат 4 шілде күні түскен.

"102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар қараусыз қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Келгеннен кейін полиция қызметкерлері деректі растады: педагогтер масаң күйде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды", - деп хабарлады ПД.

Дерек бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер