“Бес адам қаза тапты”. Алматы облысындағы тас жолда көлік апаты болды

4132
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысындағы тас жолда болған жол апатынан бес адам қаза тапты. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"1 сәуір сағат 08:00 шамасында Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі, Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек – Көктал автожолының 196 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1964 жылғы Б. есімді азаматтың басқаруындағы Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты", - делінген сенбі күні тараған ақпаратта.

Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан Орталық аудандық ауруханаға жатқызылғаны айтылады.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркелген.

"Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Пікірлер