«31 млн теңге»: Антикор Алматы әкімдігін Tik-Tok байқауына байланысты тексермек

3038
Adyrna.kz Telegram

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қыркүйек айында өткен «AlmatyTikTokChallenge» байқауының құжаттарын зерттеп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қаланың креативті индустриялар басқармасы «AlmatyTikTokChallenge» байқауын өткізген болатын. Оның нәтижелері бойынша байқау ұйымдастырушысының балалары жеңімпаз атанды. Бұл әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мән-жайды қарастырып жатыр. Оның аясында Алматының креативті индустрия басқармасынан TikTok конкурсының құжаттары сұралды. Сұратылған құжаттарды алғаннан кейін және оларды зерделегеннен соң одан әрі шешім қабылданады. Бұл туралы сізге қосымша хабарлаймыз», – деп түсіндірді басшының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат.

Әкімдік бұл байқауды өткізуге 31 млн теңге жұмсаған.

Жеңімпаздар сыйлыққа қымбат техника алды. Байқауға қатысу үшін TikTok әлеуметтік желісінде #Almatyday2021 тегімен бейне жариялау қажет болды.

Жеңімпаздарды қаралым саны мен бейненің креативтілігі бойынша анықтады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер