Келімбетов: Бізге АЭС салу керек

3197
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшысы Қайрат Келімбетов Нұр-Сұлтанның "Росатоммен" Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін талқылап жатқанын айтты.

"Коммерсант" газетіне берген сұхбатында Қайрат Келімбетов Қазақстанның экономикалық саясатына елеулі әсер ететін бірқатар жаһандық үдерістер бар екенін атап өтті.

"Біз ұзақмерзімді түрлі келісімдерге қол қойдық, міндеттемелер алдық. Қазақстан 2060 жылы көміртекті бейтарап болуы міндетті. Біз Глазгода болдық, сондықтан 2030 жылы көмірқышқыл газдың ауаға бөлінуін 15%-ға азатуға міндеттіміз. Ол қалай іске асады?  Бізге жел және күн энергиясына инвестиция тарту қажет, алайда ол көмірді толық алмастыра алмайды. Бір жерге газ керек, ол үшін біз "Газпроммен" әріптеспіз, бірақ түбі Қазақстанға АЭС салу қажет болады. Оның ішінде "Росатоммен" келісімді жүргізіп жатырмыз", - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер