Қадыров: Украинаны Ресейге қосып аламыз (ВИДЕО)

7428
Adyrna.kz Telegram

Владимир Зеленский өз саясатын қайта қарастырмаса, Украина Ресей аумағының бір бөлігі болуы керек, деп мәлімдеді Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

- Егер Зеленский мен оның командасы осылай әрекет ететін болса, Украина біздің елге қосылуы керек екеніне терең сенімдімін. Украиндар – біздің халық, бұл – біздің территориямыз. Бұл менің пікірім, - деді саясаткер.

Оның айтуынша, егер оған Украинадағы жағдайды реттеу туралы тапсырма берілсе, ол мұны әлдеқашан шешер еді.

Қадыров атап өткендей, ол мұны екі жолмен жасай алады:

  • Шешенстанды Украинаға қосу;
  • немесе жай ғана Украинаны алып кету арқылы.

Республика басшысының айтуынша, Батыс елдері Ресейдің жағдайын белгілеу үшін өздерінің әскери базаларын Украина аумағында орналастыруға мүдделі. Қадыров Ресей президенті Владимир Путиннің бұған жол бермейтініне сенім білдірді.

- Мен жаяу әскермін, бұйрық келген бойда еш қиындықсыз орындауға дайынмын, өйткені мен білемін: мемлекеттің және халқымыздың тұтастығы мен қауіпсіздігі ең бастысы, - деп мәлімдеді Рамзан Қадыров.

Сондай-ақ ол "Мемлекеттік келісімдер бар" болғандықтан, «мұндай шешімді» өз бетінше қабылдай алмайтынын  айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер