Владимир Зеленский өз саясатын қайта қарастырмаса, Украина Ресей аумағының бір бөлігі болуы керек, деп мәлімдеді Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
- Егер Зеленский мен оның командасы осылай әрекет ететін болса, Украина біздің елге қосылуы керек екеніне терең сенімдімін. Украиндар – біздің халық, бұл – біздің территориямыз. Бұл менің пікірім, - деді саясаткер.Оның айтуынша, егер оған Украинадағы жағдайды реттеу туралы тапсырма берілсе, ол мұны әлдеқашан шешер еді. Қадыров атап өткендей, ол мұны екі жолмен жасай алады:
- Шешенстанды Украинаға қосу;
- немесе жай ғана Украинаны алып кету арқылы.
- Мен жаяу әскермін, бұйрық келген бойда еш қиындықсыз орындауға дайынмын, өйткені мен білемін: мемлекеттің және халқымыздың тұтастығы мен қауіпсіздігі ең бастысы, - деп мәлімдеді Рамзан Қадыров.Сондай-ақ ол "Мемлекеттік келісімдер бар" болғандықтан, «мұндай шешімді» өз бетінше қабылдай алмайтынын айтты.
"Адырна" ұлттық порталы