Алматы Құрлық әскери институтының курсанттары оқу орнынан өз еркімен кетті, деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
1 желтоқсан күні институттан 210 оқушы наразылық білдіріп, өз еріктерімен шығып кеткен.
«Институт басшысы генерал-майор Дулат Адырбековтың айтуынша, курсанттар кадрлық тағайындаулар кезінде келіспеушілік орын алған. Факультет басшысын ауыстыруға қарсы болып, бұрынғы басшылықты қайтаруды талап етті», - деп мәлімдеді қорғаныс министрлігі.
Бүгін, 2 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап өз еркімен кетіп қалған 210 курсант аудиторияларында жүр.
Бұл істі Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов бастаған комиссия тергеп жатыр.
Оқиға туралы курсанттардың ата-аналарына хабарланды.
"Адырна" ұлттық порталы